
Алматы облысы "Қазгидромет" РМК филиалының ауа райы болжамы бойынша:
2022 жылғы 8 сәуірге арналған ауа райы болжамы
|
|
Облыс бойынша: облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14 м/с, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында 7, күндіз 20-25, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында 17 градус жылы.
|
9-10 сәуірге арналған ауа райы болжамы
|
09 сәуірде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, 10 сәуірде облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр. Облыстың оңтүстігінде найзағай. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында 5 градус жылы, күндіз 18-23, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында 15 градус жылы.
«Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме: https://www.kazhydromet.kz/ru.
|
|
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі