
"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылы 7 сәуірдегі дауылды ескертуі негізінде, 8 сәуір күні Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай түсуі күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі