Талғар қ. әмбебап базарының аумағындағы өрт туралы ақпарат

Талғар қ. әмбебап базарының аумағындағы өрт туралы ақпарат

2022 жылғы 7 сәуір күні түнгі сағат 2:00-де Алматы облысы ТЖД Талғар ауданы, Талғар қаласы, Әйтеке би көшесі бойында орналасқан әмбебап базар аумағында халық тұтынатын тауарлармен сауда нүктелері (контейнер түріндегі) жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дереу шақырту орнына жоғары дәрежелі шақырту бойынша өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді.

Өрт сағат 03:51 ауыздықталып, сағат 05:00 жойылды, алдын ала 900 шаршы метр алаңда зардап шеккендер мен қаза тапқандар болған жоқ. Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында базардың барлық аумағына оттың таралуына жол берілген жоқ (әмбебап базардың жалпы ауданы 8330 ш.м. құрайды).

Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына Алматы облысы ТЖД Өрт сынақ зертханасы жіберілді.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД-нің 25 қызметкері мен 8 техникасы, Алматы қаласы ТЖД-нің 6 қызметкері мен 2 техникасы, сондай-ақ полиция қызметкерлері, жедел жәрдем бригадалары және басқа да өзара іс-қимыл қызметтері қатысты.

 

                                                                                                            Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі