
Ақсу ауданы бойынша арнайы суға түсу орындары немесе акваториялар белгіленбеген. Алайда азаматтардың суға шомылу орындары жетерлік. Айта кетсек, мысалы: (Көкөзек, Алтынарық, Қызылқайын су қоймалар мен Ақсу, Бүен, Қызылағаш өзендері барлығы да қорғалмайтын су айдындары. Осыған байланысты Ақсу ТЖБ қызметкерлері демалыс және мерекелік күндерінде күшейтілген кестеде жұмыс істеуге көшті. Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтау , адамдардың қаза болуына жол бермеу және қаупсіздік қамтамасыз ету мақсатында, Ақсу ауданы ТЖБ үгіт-насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Аудандық Ішкі істер бөлімі, Ақсу ТЖБ қызметкелері және Ақсу ауданның Жастар орталығының еріктілерімен бірлесіп демалушылардың қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзуға жол бермеу, демалыс және мереке күндері рейдтер жүргізіліп, ескерту жадынамалар таратылуда. Аталмыш жұмыс жалғасуда.
Құрметті азаматтар! Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті су айдындары маңында, сондай-ақ табиғатқа демалуға шыққанда өте мұқият болуларыңызды айрықша ескертеді. Естеріңізде болсын, қауіпсіздік қағидаларын бұзу қайғылы оқиғаларға соқтыруы мүмкін. Өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне сақ болыңыздар!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі