Көктемгі сенбілік өткізілді

Көктемгі сенбілік өткізілді

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жалпықалалық және облыстық сенбіліктер күндері бекітілген аумақты қоқыстан тазартуға қатысып жатыр. Кезекті сенбілік 2022 жылдың 2 сәуірінде өтті.
Таңертеңнен бастап ТЖД құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлері тырмалармен, сыпырғыштармен, қаптармен және қоқыс жинауға арналған басқа да құралдармен қаруланған соң Талдықорған қаласында бекітілген аумақты жинауға кірісті.
Облыс құтқарушылары нақты тәртіпке дағдыланған, сондықтан сенбілікке қатысушылар топтарға бөлініп, қоқыс, жапырақтар мен қураған шөптерді қалдырмай, бір-біріне қарай беттеді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі