Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған турнир өткізді.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған турнир өткізді.

                Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған турнир өткізді. Турнирге Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері арасынан 8 құрама командалары қатысты.

              Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі аппаратының командасы волейболдан турнирде 3-ші орынды иеленді. 2 орынды Қоғалы ауылының №28 өрт сөндіру бөлімінің командасы иеленді. Турнирдің жеңімпазы Алакөл ауданының өрт сөндіру бөлімдерінен құралған құрама командасы иеленді.

                Жеңімпаздар сыйлықтармен, кубоктармен және грамоталармен марапатталды. Турнир соңында құрметті зейнеткер қонақтар барлық қатысушыларды жеңісімен және Наурыз мерекесімен құттықтап, денсаулық, сәттілік және қиын жұмыстарында табыс тіледі.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі