
Алматы облысы "Қазгидромет" РМК филиалының ауа райы болжамы бойынша:
2 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Облыс бойынша: жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14, Алакөл көлдер аумағында 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында 0 градус, күндіз 17-22, таулы аудандарында 13 градус жылы.
Талдықорған қ.: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 20-22 градус жылы.
3-8 сәуірге арналған ауа райы болжамы
03-05 сәуірде облыстың таулы аудандарында, 06 күндіз батыста және таулы аудандарында, 07 сәуірде батыста, оңтүстікте және таулы аудандарында жаңбыр, 08 сәуірде жаңбыр, оңтүстікте және таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай . Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14 м/с, 03-06 сәуірде Алакөл көлдер аумағында 17-22, екпіні 25 м/с, 07-08 сәуірде облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында 0 градустан 10-15, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында 5 градус жылыға көтеріледі, күндіз 17-22, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында 13 градус жылыдан 22-27-ге, солтүстікте және таулы аудандарында 19 градус жылыға көтеріледі, кезең соңында 15-20, солтүстікте және таулы аудандарында 12 градус жылыға дейін төмендейді.
РМК сайтына сілтеме: https://www.kazhydromet.kz/ru.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі