Алматы облысы ТЖД жеке құрамы арасында арнайы-тактикалық және газ-түтіннен қорғау дайындығын арттыру мақсатында 2022 жылғы 30 наурыз күні Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері өзара іс-қимыл қызметтерімен бірлесіп Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының маңында орналасқан цемент өндіру зауытында өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді.
Оқу-жаттығудың мақсаты – практикалық дағдыларды пысықтау, сондай-ақ ірі объектілерде өрт сөндіру бойынша қызметтермен және персоналмен өзара іс-қимылды пысықтау.
Оқу-жаттығудың жоспары бойынша – цемент зауыты жатақханасының ғимаратында өрт болды, онда 1 азамат өз бетінше эвакуациялана алмады. Шартты өрт орнына келгеннен кейін жатақхана отпен қамтылғаны анықталды. Өрт сөндірушілер зардап шегушіні іздеуге және құтқаруға кірісті, сондай-ақ шартты өртті сөндіруге оқпандарды берді.
Сабақтар жақсы бағаға өтті, оқу-жаттығудың барлық қатысушылары қойылған міндетті орындады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі