
Алматы облысы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның 2022 жылға 30 наурыздағы жоспардан тыс Облыс әкімінің бірінші орынбасары Л.М. Тұрлашовтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.
Отырыста бір мәселе қаралды:
Қатты дауыл салдарынан тұрғын үй және әкімшілік ғимараттардың, әлеуметтік-мәдени, өндірістік нысандардың шатырларының бұзылуына байланысты туындаған төтенше жағдайлар туралы.
Жоғарыда көсетілген мәселе бойынша отырыс қорытындысында аудан және қала әкімдеріне, облыстық комиссия мүшелеріне және орындау мерзімдерін белгілей отырып, нақты тапсырмалар берілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі