
2022 жылғы 30 наурыз күні «Jetisymedia» ақпараттық алаңында «су тасқыны кезеңінің өтуі және сел-сырғыма қаупі бар кезеңге дайындық» тақырыбында брифинг өтті.
Брифингте төтенше жағдайларды алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Сыдықов Мұрат Маратұлы, төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Карандашев Ринат Закиұлы, ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-нің филиалы «ЖААПБ» басшысының орынбасары Сабырбаев Айдос Сабырбайұлы сөз сөйледі
Бірінші спикер – Мұрат Маратұлы атап өткендей, 2022 жылғы 29 наурызда Алматы облысының аумағында секундына 25-27 метр жылдамдықпен дауылды соққан желдің салдарынан Алматы облысының аумағында мынадай жағдай орын алды: жалпы алғанда 62 объект зардап шекті, оның ішінде: 9 көппәтерлі тұрғын үй, 17 білім беру объектілері, 2 сауда объектісі, 5 өндірістік объект, 2 ІІМ объектісі, 4 әкімшілік ғимарат, ТЖД 2 объектісі, 11 жеке тұрғын үйлер, 3 автокөлік, 2 денсаулық сақтау объектісі, 1 МҰ объектісі, 1 ауыл шаруашылығы объектісі, 2 қызмет көрсету объектілері.
Екінші спикер – Ринат Закиұлы былай деді, 2022 жылғы 28 наурызда Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК-нің №15 дауылды ескертуі негізінде облыстың барлық қалалары мен аудандарына телефонограммалар жіберді, сондай-ақ облыс аумағында желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі туралы СМС және "Дәрмен" қосымшасы бойынша тарату жүргізілді, бұдан басқа 2022 жылғы 29 наурызда Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК-нің №16 дауылды ескертуі негізінде СМС және "Дәрмен" қосымшасы бойынша желдің екпіні 15-28 м/с күшейетіні туралы хабарлама жіберді. 2022 жылғы 29 наурызда дауылды ескертуден кейін облыс аумағында екпіні 15-тен 30 м/с-қа дейін дауылды жел түрінде табиғи стихияның пайда болу фактілері тіркелді, дауылды желдің нәтижесінде ғимараттардың шатырларының үзілуі, ағаштардың құлауы, электр сымдар желілерінің үзілуі және т.б. фактілер тіркелді, атап айтқанда, алдын ала жалпы ауданы 15408,5 шаршы метр болатын 66 шатырлардың үзілуі орын алды. оның ішінде: 10 көппәтерлі тұрғын үй, 21 - білім беру объектісі, 2 - сауда объектісі, 5 - өндірістік объект, 10 – әкімшілік объект, 11 - ТЖБ, 1 - діни объект, 2 - денсаулық сақтау объектісі, 1-МҰ объектісі, 1-ауыл шаруашылығы объектісі, 2-объект қызмет көрсету (ТҚС), сондай-ақ шатырдың бұзылуы нәтижесінде 3 бірлік автокөлік зардап шекті. Зардап шеккендер жоқ, 1 адам зардап шекті (Еңбекшіқазақ ауданы).
Үшінші спикер – Айдос Сабырбайұлы атап өтті, облыс аумағында сел қаупі бар кезең мамыр-қыркүйек айлары аралығында өтеді. 2021 жылы өзен бассейндерінде сел шығарындылары тіркелмеген, аумақтар мен елді мекендерге келтірілген залал 09.06 2021 жылы тіркелмеген, Елеулі жауын – шашынға байланысты "Сарыөзек-Көктал" облыстық маңызы бар трассаның "Ақжазық" шатқалы бойынша сулылықтың ұлғаюы тіркелген, сондай-ақ 14.07.2021 №28 кордон Көксу шатқалы бойынша балшық тасқынының өтуі тіркелген. Облыс аумағында барлығы 1925 мұздық (Жетісу Алатауы -1369, Іле және Күнгей Алатау -556) және 470 мореналық көл орналасқан. Облыс аумағында көшкін қаупі бар кезең наурыз-сәуір айлары аралығында және қазан айында өтеді. Селдер мен көшкіндердің пайда болуы бойынша қауіпті учаскелерді, аймақтар мен ошақтарды анықтау мақсатында 37 жерүсті тексеру, биік таулы өзендердің бассейндері бойынша 2 аэровизуалды тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша қауіпсіздік паспортына, қауіп-қатерлер каталогына және Алматы облысының көшкін қаупі бар учаскелерінің паспортына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сондай-ақ, облыс тұрғындарының Алматы облысы ТЖД БКДҚ жедел кезекшісінің командасы бойынша ұялы операторлардың SMS-хабарламаларын қабылдау мүмкіндігі бар. Селдер мен көшкіндердің теріс әсерінің алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан су тасқыны кезеңіне сіздің учаскелеріңізге іргелес жатқан арық желілері мен құбырлы өткелдерді тазалау жұмыстары арқылы дайындалуды сұрайды.
Брифинг соңында спикерлер азаматтарды су тасқынына қауіпті кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Сондай-ақ спикерлер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі