
"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылы 29 наурыздағы дауылды ескертуі негізінде, 29-30 наурыз күндері Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көктайғақ және тұман түсуі күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі