
Алматы облысы "Қазгидромет" РМК филиалының ауа райы болжамы бойынша:
2022 жылғы 28 наурызға арналған ауа райы болжамы
Облыс бойынша: түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, облыстың оңтүстігінде және шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1 градус аяз-4 градус жылы, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында 4 градус аяз, күндіз 8-13, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында 5 градус жылы.
|
29-30 наурызға арналған ауа райы болжамы
|
29 наурызда күндіз жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 30 наурызда түнде жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 9-14, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында 15-20 м/с, 29 наурызда кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 3-8 градус аяз, күндіз 10-15, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 7 градус жылы, 30 наурызда түнде 2 гадус аяз-3 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 5-10 градус аяз, күндіз 5-10, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус жылы. «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме: https://www.kazhydromet.kz/ru.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі