
Алматы облысы Полиция департаментінің спорт кешенінде қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған волейбол турнирі өткізілді. Турнирге облыстың құқық қорғау, арнайы органдары мен әскери бөлімдерінен 9 команда қатысты.
Жарыс жанкүйерлердің қатысуымен өте керемет өтті.
Облыстық полиция департаментінің командасы жеңімпаз атанды. Екінші орын Алматы облысы ТЖД командасына берілді. Үшінші орынды 18404 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жеңіп алды.
Жеңімпаздар сыйлықтармен, кубоктармен, грамоталармен және тұрмыстық техника түріндегі бағалы сыйлықтармен марапатталды. Соңында құрметті қонақтар барлық қатысушыларды жеңісімен құттықтап, қаза тапқан қызметкерлерді еске алуға арналған турнир тұрақты негізде өтетініне сендірді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі