
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерін дәстүрлі емес діни идеологиядан қорғау мақсатында, 2022 жылғы 24 наурызда Департаменттің дағдарыс орталығында, тиісті тақырыпта семинар-кеңесі өткізілді. Бейнеконференц байланыс құралы арқылы сондай-ақ Департаменттің аудандық, ведомстволық бағынысты және құрылымдық бөлімшелері қатысты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша Департаментінің және Алматы облысы Дін істері басқармасының өкілдері баяндама жасады.
Семинар соңында тиісті тақырыпта бейнероликтер көрсетілді.
Алматы облысы ТЖД Кадр саясаты басқармасы