
Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында, 2022 жылғы 17 наурызда Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында бейнебайланыс режимінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаментінің қызметкері Д.Қ. Калдыгужиннің қатысуымен Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің жеке құрамымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты сақтау туралы» тақырыбында семинар-кеңесі өткізілді.
Видеоролик көрсетумен Алматы облысы аумағындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы құқық бұзушылық статистикасы жеткізілді, сондай-ақ жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің басшыларына нақты бағыт берілді.
Алматы облысы ТЖД
Кадр саясаты басқармасы