
Республикалық маңызы бар «Сарыөзек – Көктал» автожолының 45-68 ш. аралығы учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2022 жылдың 17-18 наурыз күндері аралығында өндірістік қажеттілікке байланысты бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған байланысты, автомобиль жолының осы учаскесі барлық автокөлік түрлері үшін жабық болады.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі