"Өрт қауіпсіздігі үшін бірге" және "қауіпсіз автокөлік"акциялары

"Өрт қауіпсіздігі үшін бірге" және "қауіпсіз автокөлік"акциялары
Жылыту маусымы кезеңде өрттердің көп бөлігі тұрғын үй секторына тиесілі, онда азаматтар өрттен және улы газдан қаза тауып, жарақат алады, ал қаза тапқандардың арасында ең өкініштісі балалар бар. Өрттердің негізгі себептері жылыту пештерінің ақаулықтары және электр сымдарының қысқаша тұйықталуы болып табылады, ал тұншықтырғыш газбен уланудың себептері - бітелген түтін мұржасы, пеш конструкциясындағы жарықтар.
Сондай-ақ, облыс аумағында автокөлік өрттері жиілеп кетті. Өрттердің негізгі себептері мотор бөлігіндегі электр сымдарының қысқаша тұйықталуы.
Ағымдағы жылдың 12 наурызында Департаменттің қызметкерлері адамдар көп жиналатын орындарда «Өрт қауіпсіздігі үшін бірге» және «Қауіпсіз автокөлік» акцияларын ұйымдастырды, оның барысында ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кемшіліктерді көрнекі түрде көрсетіп, пешпен жылытуды сәйкес жүргізу қажеттігіне және автокөліктің электр сымдарына назар аударды. Акциялар халықпен өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша ашық өзара іс-қимыл жасау мақсатында сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, орталық базарларда, таксопарктарда, автобөлшектер сататын дүкендерде және облыстың арбаттарында ұйымдастырылды, оның барысында келушілерге өрт қауіпсіздігінің талаптары түсіндіріледі, жалпы алғанда 3 мыңнан астам азаматқа нұсқау берілді, өртке қарсы тақырыпта 4 мыңнан астам жадынамалар мен брошюралар таратылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты халыққа тұрмыстағы және автокөлік жүргізушілерге автокөлңктегі өрт қауіпсіздігі негізгі талаптарын жеткізу болып табылады. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға үй-жай шегіндегі қабырғалық түтін арналарын, әсіресе шатырдағы түтін құбырларын тексеру, жарықтарды жөндеу және жөндеу, сондай-ақ түтін құбырын ондағы жиналып қалған күйеден мезгіл сайын тазалап отыру, түтін мұржасындағы тартымдылықты тексеру және автокөлік жүргізушілерге электр сымдарын сәйкестікке келтіру қажеттігін ескертеді.
 
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі