
Департаменттің жеке құрамы арасында ЖЖЕ бұзушылықтарына жол бермеу, оның ішінде спирттік және есірткі заттарын қолдануды болдырмау мақсатында, 2022 жылғы 11 наурызда Департаменттің дағдарыс орталығында, тиісті тақырыпта кеңес өткізілді. Бейнеконференц байланыс құралы арқылы сондай-ақ Департаменттің аудандық, ведомстволық бағынысты және құрылымдық бөлімшелері қатысты.
Талдықорған қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция ротасының взвод командирі полиция капитаны Р.С. Абдыкадыров, Облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог-психиатр дәрігері М.Б. Ерғабылов баяндама жасады. Сондай-ақ «270 нысан бойынша» Департаменттің жеке құрамымен декларацияны дұрыс тапсыру үшін Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Л. Оразбековамен нұсқаулық сабақ өткізілді.
Семинар соңында алкоголь, есірткі және темекі өнімдерінің теріс салдары туралы бейнероликтер көрсетілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі