Алкоголь - өрттің себепшісі

Алкоголь - өрттің себепшісі

Алкоголь өрттің себепкері, бұл тақырып ТЖБ қызметкерлерінің ең басты проблемалық мәселелерінің бірі болып тұр. Алкогольдік ішімдігінен мас болу салдарынан өрт оқиғасы орын алады. Ішімдік адамның ақыл есінен тандырып, сондай-ақ осындай қалге түскен адам ақылынан адасып,  өте қайталанбайтын қателікке бой алдырады және мұндай қателіктерді түзеу мүкін емес. 

Белгілі мөлшерде ішімдік ішкен адам шылымын тұтатып осы күйінде төсекке жатады осының салдарынан өрттің құрсауында қалатындар аз емес. Осындай салғырт қателіктерден көптеген өрттер туындап, адамдар өмірімен қош айтысып жатады. Абайсызда төсек жабдықтарына түскен шоқтан жылдам өрт таралып өз жолындағы барлық затты өртке орайды.

Адамға өмір бірақ рет беріледі және әр адам өз тағдарының қожайыны, осыған қармастан адамдар өздерінің іс-әрекеттерімен өзінің ғана емес айналасындағы барлық жақын адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Айта кететінім әр адам өздерінің іс әрекеттерін бақыласа, айналасындағы өмірге және матиралдық жағдайына қауіп төндірмес еді.

Ескелді ауданының ТЖ бөлімі ескертеді, өрт адамға бағынбайтын тілсіз жау, өртті сөдіргеннен гөрі алдын алған жөн.  

 ӨРТТЕН АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!   

 

Алматы облысы ТЖД

Ескелді ауданы ТЖБ