Су тасқыны (тасу) кезеңінде халыққа қандай іс-қимыл жасау қажет.

Су тасқыны (тасу) кезеңінде халыққа қандай іс-қимыл жасау қажет.

Су тасқыны – табиғаттың күшімен жасалған көп көлемдік жерді су басатын уақытша оқиға .

Оқиға осындай нәтижелер бойынша болуы мүмкін:

- су қоймалық құбырлардан су жіберілсе;

- тез арада қар еритін  мұз жүру кезеңіндегі бітеулер болса;

- ұзақтық немесе қысқаша мол жауын-шашын кезеңінде;

- теңізден келетін сулар, үлкен өзендердің жағаларынан, құйылыстарындағы қатты жел немесе құйылма кезеңінде…

Көктем және күзде елді мекендердегі су тасқын (тасу) нәтижелеріндегі болатын адам арасындағы шығындар, муниципалды және меншікті жеке құрылыстардың қирауы, көп материалды зиян келтіру мүмкін. Су тасқыны (тасу ) болжамдауына яғни ескертуге болады. Тасқын болу мүмкіндік туралы болжамды алған кезде халық сиреналар арқылы, радио, телевидения арқылы және басқадай құралдар арқылы хабарландырылады. Тасқын туралы ескерткіш алған кезде жақындарыңа, көршілеріңе хабарлаңыздар, жасы үлкен және аурып жатқан адамдарға жәрдем жасаңыз.

Хабарламада су басқан жер туралы, уақыт туралы, эвакуация туралы мәлімет беріледі.

Эвакуацияның алдында өз үйлеріңді сақтау үшін:

- су, газ электр құбырларын;

- пештегі отты сөндіріңіз;

- қымбат заттарды жоғарғы қабаттарға апару керек;

- терезелер және есіктерді жабу, қажетті кезде – бірінші қабаттағы терезелер мен есіктерді тақтаймен қаптаңыз.

Эвакуация басталу туралы сигнал алған кезде өздеріңізбен:

- құжаттарды буып - жиналған түрде, қымбат заттарды, дәрілерді алу;

- ауа  райына сай аяқ киім және бір қабат киім алу;

- біраз күнге артығымен азық түлік, тамақ алуыңызға қажет.

Сонан соң қауіпсіз ауданға бару үшін, хабарланған эвакуациялық пунктіне жөнелу.

Естеріңізде сақтаңыз:

Су басқан жерде сумен араласқан азық-түліктерді жеуге, қайнатылмаған суды ішуге болмайды.

Барлық жағдайларда сабырлы болыңыз, паникаға жол бермеңіз, абыр-сабырсыз тез ширақ қимылдаңыз.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі