
8 Наурыз - бұл мереке нәзік әлемді құлаудан құтқаратын әйелдің адалдығын, махабатын, отбасылық құндылықтарға деген адалдығын, сұлулық идеаларына жанкештілігін құрметтеу мерекесі.
Ер адамадар бұл көктем мерекесін ерекше тағатсыздана күтеді. Шын мәнінде, 8 Наурыз - бұл әрбір нағыз ер адам үшін өзінің шынайы және нәзік қасиеттерін көрсетуге тамаша мүмкіндік.
2022 жылғы 5 наурыз күні Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті 8 Наурыз мерекесі қарсаңында салтанатты іс-шара ұйымдастырды.
Алматы облысы ТЖД бастығы Асқар Тасболатұлы Тойчубеков ұжымның әйелдер қауымын айтулы мерекемен құттықтап, бақыт, амандық және ұзақ ғұмыр тілеп, заңнамамен белгіленген тәртіпте көтермелеу білдірді.
8 наурызды мерекелеу соңында Алматы облысы ТЖД жеке құрамымен гүлдер мен сыйлықтар табыс ете отырып, құттықтау бағдарламасы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жесірлерін құттықтау ұйымдастырылды, сондай-ақ, әйелдердің әлеуметтік осал топтарының отбасыларына атаулы қайырымдылық көмек көрсетілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі