
Талғар ауданында профилактикалық қар түсіру жұмыстары өткізілді
Қар көшкінінен, селден, көшкін-қауіпті кезеңнен өту кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды уақтылы және толық жүргізу мақсатында Талғар ауданы ТЖБ қызметкерлері кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қар көшкіні, селге, көшкінге қауіпті және ықтимал қауіпті өзен учаскелеріне, қорғаныс бөгеттеріне, су қоймаларына және гидротехникалық құрылыстарға бақылауға алынды. 17 ақпанда 2664 метр биіктікте «Ақбулақ» СОҚ профилактикалық қар түсіру жұмыстары өткізілді және 6 жарылыс жұмыстары жүргізілді. Сел қаупі бар бағыттарда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында хабарлама-ұсынымдар берілді.
- қолайсыз ауа райы жағдайларында (мол жауын-шашынның жаууы) жергілікті атқарушы органдарға ауылдағы халықтың қол жетімділігін шектеу және көшкін-қауіпті учаскелер (таулы жер) туралы ұсыныстар уақтылы енгізіледі.;
- төтенше жағдайлардың қаупі мен туындауына жедел ден қою үшін азаматтық қорғау күштері мен құралдары әзірлікке келтірілді;
Алматы облысы баспасөз қызметі