Алматы облысында "Көктем-2022" Республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығулары өткізілуде

Алматы облысында "Көктем-2022" Республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығулары өткізілуде

Көктемгі кезеңдегі ТЖ жоюға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дайындау, сондай-ақ су тасқыны қаупі жағдайында облыс тұрғындары мен аумақтарын қорғауды ұйымдастыру бойынша басқарушылық шешімдерді пысықтау мақсатында 2022 жылғы 3-4 наурыз аралығында "Көктем–2022" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілуде.

Оқу-жаттығуларға азаматтық қорғау органдарының бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қатысады.  Оқу-жаттығу шеңберінде қызметтердің өзара іс-қимылы және халықты хабардар ету мәселелері пысықталуда, ал негізгі күш-жігер су тасқынына қарсы практикалық іс-шараларды өткізуге бағытталған.

Азаматтардан түсіністікпен қарап, сіздің учаскелеріңізге іргелес жатқан арық желілері мен құбырлы өткелдерді тазарту арқылы су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуды сұраймыз.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі