Еріктілермен меморандум жасалды

Еріктілермен меморандум жасалды

Талғар ауданында Төтенше жағдайлар бөлімі және волонтерлік ұйымдар төрағаларымен  «Лидер.kz» АҚ Ділмира Блац және Талғар ауданы" Жас Отан " жастар қанатының және Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Замира Қалымбетова араларында өзара іс-қимыл меморандумына қол қойылды. 

"Жетісу" телеарнасының журналистері шақырылып, өзара іс-қимыл және одан әрі ынтымақтастық мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Атап айтқанда, халықтың әлеуметтік осал топтарына өрт профилактикасы бойынша атаулы көмек көрсету түрінде көмек көрсету мәселесі қаралды. Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және іздеу-құтқару жұмыстары аса маңызды мәселе болды.

 

Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі