
«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, Республикалық маңызы бар «Сарыөзек – Көктал» автожолының учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2022 жылдың 4-6 наурыз күндері аралығында өндірістік қажеттілікке байланысты «Алтын емел» асуының аумағында бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған байланысты, автомобиль жолының осы учаскесіндегі жол барлық автокөлік түрлері үшін жабық болады.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі