«Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Қауіпті су тасқыны кезеңіне дайындық» тақырыбында брифинг өтті.
2022 жылғы 2 наурыз күні «Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Қауіпті су тасқыны кезеңіне дайындық» тақырыбында брифинг өтті.
Брифингте Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары, подполковник Жуков Игорь Евгеньевич сөз сөйледі.
Спикер – Игорь Евгеньевич атап өткендей, бүгінгі күні облыста су тасқыны жағдайы тұрақты, «Қазгидромет» РМК деректері бойынша бір айда орташа ауа температурасы -5+7°С күтіледі, бұл нормадан 2°С-қа жоғарылау (норма:-7+5°С). Температуралық фонның күрт жоғарылауы және қатты жауын-шашын болған жағдайда елді мекендерді тал-жаңбыр суларымен су басуы мүмкін. Су тасқынына дайындық мақсатында ағымдағы жылдың 9 ақпан күні су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өткізілді, барлық мүдделі мемлекеттік органдарға су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуі бойынша алдын алу іс-шараларын өткізу бойынша нұсқаулар берілді. Онда барлық мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Су тасқынының алдын алу және салдарын жою үшін қалалық және аудандық әкімдіктерде 129 тонна ЖЖМ, шамамен 3 мың тонна инертті материалдар және 61 мыңнан астам қап ыдыстары дайындалды. Тұрғын үйлерді еріген қар су басуына жол бермеу мақсатында елді мекендерден 26 мың м3-ден астам қар шығарылды. Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жүргізілетін жұмыстар шеңберінде 1 447 ш. арық, 1 179 ш. канал, 2 412 бірлік су өткізу құрылыстары тазартылды. Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша халық арасында алдын алу жұмыстары ұйымдастырылды, жүргізілген жұмыс шеңберінде теледидар бойынша сөз сөйлеулер өткізілді, облыстық баспа басылымдарында мақалалар жарияланды, 7 мыңнан астам адамды қамти отырып, халықпен 146 жиын өткізілді, 3 мыңға жуық жадынамалар таратылды. Су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайда жалпы саны 874 бірлік техника, 25 бірлік жүзу құралдары, 230 мотопомпа және жалпы саны 3532 адам облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының тобы құрылды. Сауда, тамақтану, МТҚ және ЖЖМ қызметтері қажетті азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті заттарды жеткізуге сауда объектілерінің басшыларымен 83 шарттық жұмыстар жасады. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау мақсатында ағымдағы жылғы 3-4 наурыз күндері аралығында облыс аумағында «Көктем-2022» РКШОЖ өткізу жоспарланған. Практикалық бөлім шеңберінде барлық жерде су тасқынына қарсы іс-шаралар, оның ішінде арықтарды, каналдарды, су өткізу құрылыстарын, көпірлерді тазалау және дайындау бойынша жұмыстар және басқа да жұмыстар ұйымдастырылатын болады. Сөз соңында су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жоспарланған іс-шараларды іске асыру жоспарланған іс-шаралар мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады, тұрақты бақылауда болады. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 09.02.2022 жылғы № Д-1287 ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға Алматы облысының аумақтық азаматтық қорғау кіші жүйесін жетілдіру, сондай - ақ азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау мақсатында 2022 жылғы 3-4 наурыз күндері аралығында «Көктем-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған. Оқу-жаттығудың тақырыбы: «2022 жылғы су тасқыны кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға ОАҚЖ басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау». Оқу-жаттығу барысында облыстық Азаматтық қорғау қызметтері, аудандар мен қалалардың басқару органдары халықтың бұзылған тіршілігін қалпына келтіру, көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жою кезінде өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелерін пысықтайтын болады. Сондай-ақ оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу барысында басқару органдары хабарлау және байланыс жүйесінің дайындығын, көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға дер кезінде ден қоюды тексереді.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан су тасқыны кезеңіне сіздің учаскелеріңізге іргелес жатқан арық желілері мен құбырлы өткелдерді тазалау жұмыстары арқылы дайындалуды сұрайды.
Брифинг соңында спикерлер азаматтарды су тасқынына қауіпті кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Сондай-ақ спикерлер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі