Орта Азияның ірі баспаханасында азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралар өткізілді

Орта Азияның ірі баспаханасында азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралар өткізілді

Орта Азиядағы ең ірі баспаханалардың бірі "Интелсервис" ЖШС-де Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған алдын алу іс-шаралары өткізілді. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында Талғар ауданы ТЖБ және Талғар қаласы 2-МӨСБ қызметкерлері "Интеллсервис"ЖШС-де кең ауқымды іс-шаралар өткізді. Осы іс-шаралардың мақсаты, персоналды табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туындаған кезде дағдыларға және іс-қимылдарға, өрт туындаған кезде іс-қимылдарға (тұрмыста, өндірістік және әкімшілік объектілерде) үйрету. Өрт шыққан кезде қызметкерлерді қауіпсіз эвакуациялау бойынша жаттығулар, іс жүзінде жүзеге асыру және өткізу тәртібін түсіндірумен кешенді оқу-жаттығулар өткізілді. Сондай-ақ, АҚ және ӨҚ бойынша жадынамалар мен брошюраларды таратумен дәріс өткізілді, өрт сөндіргішті іс жүзінде қолданумен нұсқаулық өткізілді, өрт анық ажырап, ұнтақты өрт сөндіргіштің көмегімен сөндірілді.

Сонымен қатар, "Интеллсервис" ЖШС қызметкерлері үшін 100-ден астам адамға өрт сөндіру автотехникасы, құтқару жабдықтары мен авариялық-құтқару жұмыстарына арналған құрал-саймандарды көрсетумен көшпелі "Ашық есік күні" ұйымдастырылды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі