
«1-наурыз «Nur Otan» партиясы күні» және «Алғыс айту» күніне арналған салтанатты іс-шара барысында «Қасіретті қаңтар оқиғасы» кезінде азаматтық борыштарын адал атқарып, өз өмірлерінен азаматтық борыштарын жоғары қоя білген Алматы облысы ТЖД 4 қызметкері марапатталды.
Олар: Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі ЖҰМАБАЕВ Ермек Серікбайұлы; Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесі Талдықорған қаласындағы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирлері НҰРСЕЙТОВ Болат Мырзағалиұлы және ДАКЕРОВ Айдын Болатұлы; Алматы облысы ТЖД Талдықорған қаласы төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері ӘДІЛХАНОВ Ержан Ерболұлы.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі