
Талғар гарнизонының азаматтық қорғау қызметкерлері 1 наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай "Жетісу" телеарнасының журналистерін шақырумен аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің, жедел жәрдем қызметкерлерінің, еріктілердің қатысуымен кең ауқымды профилактикалық іс-шаралар өткізді "Лидер.kz" және жастар қанатының "Лидер.kz". аталған іс-шараға аудан мектептерінің оқушылары қатысты. Жеке құрам мен қатысушылардың сапқа тұруы ұйымдастырылды, әрі қарай Талғар қ.2-МӨСБ экскурсиямен Ашық есік күні ұйымдастырылды, өрт сөндіру-құтқару жабдығы көрсетілді, оның ішінде жауынгерлік киім кию, ТОЖҚҚ, HOLMATRO авариялық-құтқару құралдарымен көрнекі жұмыс, Өрт сөндіру әдістері көрсетілді, сондай-ақ оқушыларға постаравшимге алғашқы медициналық көмек көрсету көрсетілді, 47 калибрлі Калашников автоматын бөлшектеу және құрастыру бойынша конкурс ұйымдастырылды. Еріктілер "Лидер.kz" іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу тәжірибесімен және әдістерімен бөлісті, сондай-ақ өрт қауіпсіздігін сақтау, қауіпсіздік техникасын сақтау, балалардың жарақаттануының алдын алу және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Сондай-йқ Талғар ауданында, ТЖБ қызметкерлерімен білім беру мекемесінің қолдауымен, білім беру объектілерінде оқұ жаттығулар және сабақтар өткізілді. Аталған шаралар шеңберінде, оқушылармен азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, “Дармен” мобильдік қосымша, ҚР ТЖМ АҚА түсу шарттары бойынша сабақтар өткізілді, “Жас құтқарушылар” кадеттік сыныптарымен саптық қараулар және нұсқаулықтар жүргізілді. «Балалар өрттерге қарсы» акциясын өткізілді, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысы туралы айтылды, балалардың жарақаттануының алдын алу бойынша, табиғатта және шомылу маусымында демалу уақыты, балалардың отпен ойнауы, жаппай және түнгі объектілерде өрт қауіпсіздігінің алдын алу тақырыбтарда дәрістер-әңгімелер өткізілді, сонымен қатар, өрт кезінде өрт сөндіргішті қолданудың мысалы ретінде нұсқаулық өткізілді азаматтық қорғау саласындағы көрнекі құралдар таратылды. Балалар азаматтық қорғау органдарының жұмысына қызығушылық танытты, үлкен жасөспірімдер үшін М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау Академиясяна оқуға түсу ұсынылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі