- 1. Жанып тұрған сымдарды қуат көзінен ажыратыңыз - егер ол пәтерде немесе жеке үйде болса штепсельдерді бұрап алыңыз немесе сөндіргішті өшіріңіз, егер өрт машинада болса аккумуляторды ажыратыңыз және т.б. Осыдан кейін өртті өрт сөндіргішпен немесе кез келген қолда бар құралмен сөндіріңіз: су, құм, қыста - қар және т.б.
- 2. Егер қандай да бір себептермен электр сымын өшіру мүмкін болмаса, корпусында Е класты өртті (электр қондырғыларының өрті) сөндіруге рұқсат етілгені туралы белгісі бар өрт сөндіргіш. Әдетте мұндай мақсаттар үшін көмірқышқыл газы, ұнтақ (барлығы емес), кейбір аэрозольді өрт сөндіргіштер және сол сияқтылар қолданылады.
- 3. Егер сымға қуат беріліп тұрса, құммен немесе топырақпен
- 4. Қармен. Иә, шынымен. Қыста жанып тұрған сыртқы электр сымдарын қар түйіршіктерімен сөндіруге болады - олар жану орнына тигенде, өте тиімді, электр тогының соғуы жағынан қауіпсіз, ал егер жанып тұрған сымдар жабық болса, қысқа тұйықталудан қорғаныс жұмысының нәтижесінен - автоматты немесе сақтандырғышты сөндіруге әкелуі мүмкін.
ҰМЫТПАҢЫЗ: ешбір жағдайда суды, ауа көбікті және көбікті химиялық сөндіргіштерді кернеу астында сөндіру үшін қолдануға болмайды!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі