
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының құтқарушыларымен және "Қызыл Жарты Ай" ҮЕҰ еріктілерімен бірлесіп, Азаматтық қорғаныс айлығын өткізу шеңберінде, Талдықорған қаласының оқушылар сарайында мектеп оқушыларымен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тренинг ұйымдастырылды, құтқару бөлімшелерінің авариялық-құтқару жабдықтары мен керек-жарақтар көрсетілді, сондай-ақ, жас ұрпақ жеке қорғаныс құралдарымен және химиялық қорғаныс костюмдерімен көрнекі танысты.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі