Алматы облысы ТЖД бастығына естелік медаль табысталды

Алматы облысы ТЖД бастығына естелік медаль табысталды

2022 жылғы 24 ақпан күні «Ардагер» Баймулдинов Серікбай Кеңесбайұлы Ауғанстан аумағынан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 33 жыл толуына орай Алматы облысы ТЖД бастығы Асқар Тасболатұлы Тойшыбековке естелік медаль табыстады.

«Армия генералы Нұрмағамбетов С.Қ.» медалі, «Халық Қаһарманы» генерал-лейтенанты Ертаев Бақытжан Ертайұлының қолымен қойылған, Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, армия генералы, №1 Халық Қаһарманы Нұрмағамбетов Сағдат Қожахметұлына арналған.

С.К.Баймулдинов Ауғанстандағы соғыс және жергілікті жанжалдардың ардагерлері мен мүгедектері одағы «Ардагер» және Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті арасындағы жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде одан әрі ынтымақтастық туралы тілек білдірді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қыхметі