
Адам өмір бойы әр түрлі қауіп-қатерге кездеседі, сол себебті өмір сүруге, медициналық қызмет алуға, азаматтық қорғанысқа, қауіпсіздікке, болуы мүмкін қауіп-қатерлер туралы мәлімет алуға, қауіп-қатерлер орын алған жағдайда, оның зардаптарынан және басқа да төтенше жағдайлардан қорғалуға құқылы.
Осыны түйіндей келе халықаралық қауымдастық, болуы мүмкін апаттарды жою және олардан зардап шеккендерге көмек беруде мемлекетаралық шараларды үйлестіретін халықаралық ұйым құру қажет деп тапты.
Соның нәтижесінде, 1931 жылдың наурыз айында Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы құрылды. Бүгінгі таңда Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы, өзінің құрамында Европа, Азия және Африка елдерінің 70 астам мемлекетің біріктіретін, халықаралық деңгейде азаматтық қорғау мәселесімен шұғылданатын жетекші ұйымның бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы 1997 жылдың қазан айында тәуелсіз мемлекет ретінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының қатарына қосылды. Содан бері елімізде, жыл сайын 1 наурыз Халықаралық Азаматтық қорғаныс күні аталып өтіледі.
Ағымдағы жылы «Азаматтық қорғаныс және апаттар мен дағдарыстар кезінде жер аударылған адамдармен жұмыс, еріктілердің рөлі және пандемиялармен күрес» атты ұранға сәйкес, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Халықаралық Азаматтық қорғаныс күнінің іс-шараларын жоғарғы деңгейде өткізу мақсатында, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті ағымдағы жылды «Балалар жылы» деп жариялағанын назарға ала отырып, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл дағдыларын, өзін-өзі құтқарудың және өзара көмектің негізгі тәсілдерін білуді дағдыландыру мақсатында балаларға, жасөспірімдер мен жастарға азаматтық қорғау саласында оқытуға (интерактивті сабақтар, жарыстар, оқу орындарында «ашық сабақтар» мен конкурстар өткізу, авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарын көрсете отырып, аумақтық бөлімшелерге экскурсия) ерекше назар аударылуда. Себебі, біздің елімізде цунами, тайфун сияқты апатты құбылыстардан басқа барлық табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болып тұрады.
Осы мереке еліміздегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдаларды алдын алуға, халықты даярлауға, ұлттық төтенше жағдайлар қызметтерінің болу мүмкін оқыс жағдайларға арналған іс-шараларын ұйлестіруге бағытталған халықаралық маңызды акция болып табылады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі