Егер улы газды анықтау датчигі іске қосылса не істеу керек?

Егер улы газды анықтау датчигі іске қосылса не істеу керек?

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Жергілікті атқарушы органдарымен халықтың әлеуметтік осал топтарының жеке тұрғын үйлерінде улы газды анықтау датчиктерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы датчиктер орнатылған үйлерде батареяның отыруы себебінен датчиктердің іске қосылу жағдайлары жиілеп кетті. Мұндай жағдайларда орнатылған датчикті алып, батареяны жаңасына ауыстыру қажет. Батареяны ауыстыру міндетті түрде жүргізілуі керек, себебі бұл, аталған үйлердің тұрғындарын улы газбен уланудың алдын алу үшін қажет. Датчиктік батареясынан іске қосылғанын қалай ажыратуға болады, батареясы отырған кезде, датчик үзілістермен сигнал шығарады, яғни, дыбыс, содан кейін пауза, дыбыс, пауза. Ал датчикті улы газдан іске қосылған жағдайда, үздіксіз сигнал жүреді. Мұндай жағдайларда датчиктер орнатылған үйлердің тұрғындары датчиктер іске қосылған жағдайда өртке қарсы қызметке хабарлауы және 101/112 нөміріне қоңырау шалу қажет, үй-жайды желдету үшін барлық терезелерді дереу ашуы, отбасының барлық мүшелеріне жылы киім кию, үй-жайдан шығып, өртке қарсы қызмет қызметкерлерін күтуі қажет.

Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі