Автожолдардың жабылуы туралы ақпарат

Автожолдардың жабылуы туралы ақпарат

"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен "Қазақавтожол" ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 2022 жылғы 18 ақпанда сағат 09.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, нөлдік көріну) республикалық маңызы бар "Үшарал - Достық" автожолында (Көктұма а.-Достық бекеті - 84-тен 184 шақырымға дейін) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және 112 қызметінен келетін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Ұзақ жолға шыққан кезде ауа – райын тексеріп, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алыңыз, аита кетсек-дәнекерлеу шамы, арқан, дөңгелектерге арналған тізбектер, күректер, парафин шамдары, сондай-ақ жылы киім, қажетті құрал-жабдықтар, тамақ пен су. Егер сіз боран немесе қатты аяз кезінде жолда болсаңыз, егер сіздің көлігіңіз елді мекеннен алыс жерде немесе сізге таныс емес жерде тоқтап қалса, көлік ішінде қалып, жолда өтіп бара жатқан басқа көліктердің жүруін күтіп немесе ұялы телефон арқылы «101» және «112» телефон нөмерлері бойынша көмек шақырған дұрыс.
Қыста жолға жинала отырып, мұқият жоспарлаңыз және егжей-тегжейге дейін ойланыңыз, отбасыңыз бен жақындарыңызға маршрутты хабарлаңыз.
Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін Сіз " Дәрмен "тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі