Алматы облысының ТЖД жауынгерлік Ту табыс етілді.

Алматы облысының ТЖД жауынгерлік Ту табыс етілді.

2022 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің «азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының жалауы мен рәмізінің, ведомствоның аумақтық бөлімшелері мен білім беру ұйымдарының жалауларының сипаттамасын бекіту туралы» Жарлығына сәйкес Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Туды тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің вице-министрі Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы және азаматтық қорғау органдары ардагерлерінің алдында салтанатты жағдайда Алматы облысы ТЖД бастығы Асқар Тасболатұлы Тойшыбековке жауынгерлік туды табыс етті.

          М.Куликов Департаменттің жеке құрамын жауынгерлік ту алуымен құттықтады. Ол жауынгерлік ту – «шын берілгендікті, адалдықты, батылдық пен ерлікті бейнелейтін басты әскери рәміздердің бірі екеніне назар аударды. Жауынгерлік ту ар-намысты, ерлікті, даңқты және жауынгерлік дәстүрлерді бейнелейді, Департаменттің әрбір офицерін жоғары нәтижелер көрсетуге, міндеттерді тиімді және сапалы орындауға міндеттейді. Барлық қатысушыларды осы айтулы оқиғамен құттықтаймын, денсаулық, сергектік және Қазақстан Республикасының өркендеуі жолындағы қажырлы еңбегіңізге табыс тілеймін!» - деп атап өтті ол.

           Жауап сөзімен Департамент бастығы А.Т.Тойчубеков сөз сөйледі. «Жауынгерлік ту-бұл ар-намыс, ерлік пен даңқтың символы. Болашақ офицерлер үшін бұл азаматтық қорғау органдарында жылдар бойы тәрбиеленіп келе жатқан дәстүрлердің бейнесі. Департамент қызметкерлері батырлық өткеннің даңқты дәстүрлерін қастерлеп сақтап, көбейтіп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өздерінің қызметтік және әскери борыштарын абыроймен орындайтын болады».

          Департаментке тапсырылған жауынгерлік ту ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан дәстүрлердің символы және офицерлердің жас буынын тәрбиелеуде негіз бола алсын.

          Сондай-ақ, М. Күлдіков әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты және Департаменттің қару-жарағындағы техникамен, авариялық-құтқару және өрт-техникалық қару-жарақтарымен танысты.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі