Қысқы уақытта тау-сүрлеу және айналма жолдарымен жүрмеңіз

Қысқы уақытта тау-сүрлеу және айналма жолдарымен жүрмеңіз

2022 жылғы 16 ақпанда кешкі сағат 18:11-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Ақсу ауданы Қызылағаш ауылдық округінде Қызылағаш ауылы мен Қапал ауылы арасындағы таулы-сүрлеу жолда адамдар бар автокөлік қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.

          Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін шақыру орнына 4 адам және 1 бірлік техника мөлшерінде Алматы облысы ТЖД бөлімшелерінің жеке құрамы дереу жіберілді.

Шақыру орнына келген бойда Қапал ауылына баратын таулы-сүрлеу жолымен келе жатқан төрт ер адаммен бірге кроссовер қар құрсауында қалып қойғаны анықталды.

           22-00-де құтқарушылардың күшімен жолаушылары бар бұл автокөлік жолдың тазаланған бөлігіне шығарылды, содан кейін олар өз жолдарын жалғастырды. Құтқарылған азаматтар медициналық көмекке мұқтаж емес еді.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан қыста ұялы байланыс жоқ және құтқарушыларды шақыру мүмкіндігі жоқ таулы-сүрлеу, айналма жолдармен (қысқа жолдармен) жүрмеуін сұрайды. Осы нақты қайғылы жағдайдан қашу мүмкін болды, өйткені таулы-сүрлеу жолының осы учаскесінде ұялы байланыс болды және қар құрсауында қалған адамдар құтқару қызметінің нөміріне хабарласа алды. Сондай – ақ, әрбір автомобильде төтенше жағдайда өмірді құтқаратын заттар болуы қажет, олар - дәнекерлеу шамдары, кабельдер, дөңгелектерге арналған тізбектер, күректер, парафинді шамдар, сондай-ақ жылы киім, қажетті заттар, тамақ пен су қоры жетімдігі.

Егер сіз боран немесе қатты аяз кезінде жолда болсаңыз, егер сіздің көлігіңіз елді мекеннен алыс жерде немесе сізге таныс емес жерде тоқтап қалса немесе қарлы боранда тұрып қалсаңыз, көлікте қалып, жолда басқа да көліктердің өтуін күтіңіз немесе "101" және "112" ұялы телефон нөмірлері бойынша көмек шақырыңыз.

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін, қыста жолға шыққанда, маршрутты мұқият жоспарлаңыз және барлығын егжей-тегжейлі ойластырыңыз. Төтенше жағдайда әрбір ұсақ-түйек маңызды!

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі