
Өрт сөндіруші мамандығы азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау, мүлікті сақтау және мемлекет пен адамдар үшін маңызды басқа да көптеген міндеттерді сапалы орындау үшін көптеген факторларды талап етеді. Олардың негізгілері, әрине, жақсы физикалық дайындық, күшті нервтер, төзімділік және, әрине, мінсіз беделділік. Бұл мамандықты мінезі мықты, темір ерік-жігері, рухы мықты адамдар таңдайды. Өрт сөндірушілер өз өмірлерін қатерге тігіп, адамдардың өмірін сақтап қалады және бұл олардың міндеті. Жалынға асығып, бір минутқада алаңдамай, олар көмекке асыға келеді. Құтқару кезінде олар ең кішкентай бөлшектерге дейін бәрін ескеруі керек, себебі, құтқару операциясының сәттілігі осыған байланысты. Осы от жалынымен болатын айқаста тек мықтылар ғана жеңеді.
Спортта да-шыдамдылық, тапқырлық, ерік-жігер, батылдық пен жауынгерлік рух қажет.
Алматы облысы ТЖД қызметкерлерінің бірі, оның өмірі - сүйікті жұмысы ғана емес, сонымен қатар үлкен спортта кіретін Базарбай Аян Ғалымжанұлы. Аян 2021 жылдан бастап Алматы облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Кеген ауданы Кеген ауылының №11 өрт сөндіру бөлімінде қарауыл бастығы лауазымында жұмыс атқарады. Ол жауынгерлік самбодан спорт шебері, Джиу-джитсудан спорт шеберіне үміткер, республикалық Б.Ертаев атындағы турнирінің чемпионы, РФ ТЖМ Санк-Петербург МӨҚҚУ-тінің бірнеше чемпиондық орындарының иегері. Жеңіске жету жолы оңай болған жоқ, көтерілістер, құлдырау және жарақаттарда болды. Өрт сөндірушілердің аға буынын жас жауынгерлерде тәрбиелейтін ерлік, батырлық, қайсарлық, патриотизм және жауынгерлік рух — қасиеттер Аянға спортта биіктерге жетуге көмектесті. «Маған адамдармен жұмыс істеу, оларға көмектесу өте ұнайды. Бұл менің бүкіл өмірімнің ісі, және менің ойымша, спорттық қатаю - бұл үшін жақсы көмек», - дейді Аян.
Аян 1998 жылы Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылында дүниеге келген. Құлан ауылындағы мектепті бітіргеннен кейін Аян Көкшетау қаласындағы Көкшетау техникалық институтына оқуға түсіп, оны 2021 жылы ойдағыдай аяқтады. Болашақта Аян басшылық қызмет атқаруға ұмтылады.
Аянның жетістіктерінің бірі 2021 жылы Талдықорған қаласында өткен баевой самбодан Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңіске жетуі болды. Ол 88 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті ұйымдастырған жарыстың жеңімпазы атанды.
2022 жылғы 6-11 наурыз аралығында Алматы қаласында азаматтық қорғау лейтенанты Базарбай Аян дайындалып жатқан жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
Аянға Қазақстан Республикасының чемпионы болу жолында сәттілік тілейміз. Біздің департаменттің қатарында Аян сияқты адамдар жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз! Чемпионға мамандық бойынша да, спортта да үлкен жеңістер тілейміз!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі