
Қазақстан Республикасы ТЖМ "Апаттар медицинасы орталығы" ММ Алматы облысы бойынша филиалы 2014 жылдың 15 мамырында құрылды. Филиалда жедел медициналық көмек көрсету бойынша бір бригада бар. Бригаданың қарамағында реанимациялық жабдықпен, көлік шиналарының жиынтығымен және оттегі жабдығымен жарақталған Газ 2705 автомобилінің базасында жылжымалы жедел медициналық көмек кешені бар. Бригада өрт, жол-көлік оқиғалары, авариялық-құтқару жұмыстары кезінде медициналық көмек көрсетуге шығады. Бригада құрамына техногендік және табиғи сипаттағы апаттар кезінде зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету бойынша оқытудан өткен дайындалған медицина қызметкерлері кіреді
2015 жылдың қаңтар айында филиалдың қарамағына "Үшарал" және "Сарқанд"трассалық медициналық-құтқару пунктері берілді. Трассалық медициналық-құтқару пункттері (ТМҚП) Алматы – Өскемен трассасында, жол-көлік оқиғаларына барынша бейім учаскелерде орналасады. "Үшарал" ТМҚП Үшарал, Аягөз, Достық автомобиль жолдарының, Алматы-Өскемен трассасының айырығында 555 километр, "Сарқанд" ТМҚП Алматы-Өскемен тас жолының 419 шақырымында орналасқан. Алматы облысының аумағында Алматы қаласы бойынша филиалдың қарамағында тұрған тағы төрт ТМҚП бар:" Тарғап"," Күрті","Жаңа Арна" және "Шелек".
Әрбір ТМҚП штатында жеке құрамның 10 адамы бар. Кезекшілік вахталық әдіспен 15 тәуліктен жүзеге асырылады. Ауысымда бір уақытта 5 адам болады: 2 фельдшер, 1 фельдшер-диспетчер, санитар-құтқарушы және жүргізуші санитар, жол көлік оқиғасына шығу ТМҚП орналасқан жерден 50 километр радиуста тәулік бойы жүзеге асырылады. Фельдшер-диспетчер шақыртуды қабылдайды және бригада жұмысына басшылық жасайды, сондай-ақ ҚР ТЖМ "АМО" ММ Нұр-сұлтан қаласы және Алматы облысы бойынша КҚЖБО диспетчерлік қызметіне баяндамаларды уақтылы жүргізеді.
Шұғыл әрекет ету бригадасының фельдшерлері-бұл жарақат кезінде және басқа да шұғыл жағдайларда шұғыл көмек көрсету бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен, жүрек-өкпе реанимациясы әдістерін меңгерген, реанимобиль жинақталған реанимациялық аппаратураны пайдалана алатын шұғыл көмек көрсету жөніндегі мамандар. Санитар-құтқарушылар реанимобиль жиынтығындағы авариялық-құтқару жабдықтарын пайдалану дағдыларын меңгерген.
ТМҚП шұғыл әрекет ету бригадаларының қарамағында 2014 жылы шығарылған Hyunday caunty реанимобильдері бар, олар реанимациялық жабдықтармен, оттегі жабдығымен, Жылдың суық мезгілінде зардап шеккендерді жылытуға арналған аппаратпен, қажетті дәрі-дәрмектер мен таңу материалдарының жиынтығымен, зардап шеккендерді иммобилизациялау үшін көлік шиналарымен жабдықталған. Сондай-ақ реанимобиль жиынтығына авариялық-құтқару жабдығы кіреді.
Модульдік ТМҚП ғимаратта жеке құрамның тұруына арналған ас үйі мен себезгі бөлмесі бар үй-жай, емшара кабинеті, реанимобильге арналған қойма және гараж бар. ТМҚП және реанимобиль қалыптасқан жағдай туралы уақтылы ақпарат алу үшін радиостанциялармен жабдықталған. Әрбір ТМҚП-да электр энергиясын авариялық ажырату жағдайына дербес дизельді электр генераторы бар. Қыс мезгілінде ТМҚП ғимараттарын жылыту пункттері ретінде пайдалануға болады.
Қазақстан Республикасы ТЖМ
" Апаттар медицинасы орталығы "
ММ филиалының жетекшісі
Е. С. Екібаев