Автожолдардың жабылуы туралы ақпарат

Автожолдардың жабылуы туралы ақпарат

2022 жылғы 15 ақпанда Алматы облысының «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының» хабарлауынша, ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нөлдік көріну) облыстық маңызы бар автожол учаскесінде сағат 09:00-ден бастап «Алматы-Өскемен – Қапал-Арасан» 0-45 шақырымға дейін барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды, сондай-ақ Қапал ауылына кіру 0-16 шақырымға дейін жабылды. Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығына байланысты таңғы сағат 04.00-ден бастап «Сарыөзек-Көктал-Қоғалы-Көксу-Қарабұлақ» 0-94 шақ. автожолы жабылып, Аралтөбе, Онжас, Каспан, Қарымсақ және Майтөбе ауылдарына барлық автокөлік түрлері үшін кіру жолдары жабылды. Сондай-ақ, «Қазавтожол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарламасы бойынша сағат 11:10 - нан бастап ауа райы жағдайлары бойынша ШҚО автожолдарының жабылуына байланысты (боран, көрінуді шектеу) жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төнуі, автокөліктің барлық түрлері үшін «Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар автожолында (Үшарал қаласы-ШҚО шекарасы, 558-615 шақырымдары) қозғалыс жабылды.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және 112 қызметінен келетін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Ұзақ жолға шыққан кезде ауа – райын тексеріп, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алыңыз, аита кетсек-дәнекерлеу шамы, арқан, дөңгелектерге арналған тізбектер, күректер, парафин шамдары, сондай-ақ жылы киім, қажетті құрал-жабдықтар, тамақ пен су. Егер сіз боран немесе қатты аяз кезінде жолда болсаңыз, егер сіздің көлігіңіз елді мекеннен алыс жерде немесе сізге таныс емес жерде тоқтап қалса, көлік ішінде қалып, жолда өтіп бара жатқан басқа көліктердің жүруін күтіп немесе ұялы телефон арқылы «101» және «112» телефон нөмерлері бойынша көмек шақырған дұрыс.
Қыста жолға жинала отырып, мұқият жоспарлаңыз және егжей-тегжейге дейін ойланыңыз, отбасыңыз бен жақындарыңызға маршрутты хабарлаңыз.
Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін Сіз " Дәрмен "тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі