Алматы облысы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының отырысы өтті

Алматы облысы төтенше жағдайлардың алдын алу  және оларды жою жөніндегі комиссиясының отырысы өтті

Алматы облысы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның 2022 жылға 9 ақпандағы жоспарға сәйкес Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л.М. Тұрлашовтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.

          Отырыста үш мәселе қаралды:

  1. Алматы облысы Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының 2021 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2022 жылдың негізгі міндеттері туралы.
  2. Алматы облысының аудандары мен қалаларының аумағында көктемгі су тасқынына қарсы қорғау шараларын ұйымдастыру және қауіпсіз өткізу туралы.

    3.Азаматтық қорғаныс объектілері мен мүліктеріне 2022 жылғы түгендеу жүргізуін ұйымдастыру туралы.

         Жоғарыда көсетілген үш мәселе бойынша отырыс қорытындысында аудан және қала әкімдеріне, облыстық департамент, басқарма басшыларына және орындау мерзімдерін белгілей отырып, нақты тапсырмалар берілді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі