2022 жылғы 8 ақпанға арналған ауа райы болжамы

2022 жылғы 8 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Алматы облысы "Қазгидромет" РМК филиалының ауа райы болжамы бойынша:

2022 жылғы 8 ақпанға арналған ауа райы болжамы

 

Облыс бойынша: Түнде облыстың оңтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың оңтүстігінде және шығысында тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші  9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 8, облыстың солтүстік-шығысында 11-16 градус аяз, күндіз 1 градус аяз-4 градус жылы, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 5 градус аяз.

Талдықорған қ.: көшпелі бұлты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 1 градус аяз-1 градус жылы.

9-10 ақпанға арналған ауа райы болжамы

 

Жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда тұман, көктайғақ.  Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауыспалы  жел соғады, күші 9-14, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарда 10-15 градус аяз, 10 ақпанда 3-8, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарда 12-17 градус аяз, күндіз 3 гралус аяз-2 градус жылы, таулы аймақтарда 6-11 градус аяз.

 «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме: https://www.kazhydromet.kz/ru.

 

                              

   Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі