
2022 жылғы 28 қаңтар күні «Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Жұқа мұздың қауіптілігі», «Улы газдың қауіптілігі» және «Қысқы кезеңде автожолдардағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбтарында брифинг өтті.
Брифингте Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подполковник Бельдыбаев Қуат Майтайұлы, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Тұрұмов Манат Бексұлтанұлы және Төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығы Карандашев Ринат Закиұлы сөз сөйледі.
Спикер Қуат Майтайұлы атап өткендей, статистика көрсетіп отырғандай, Төтенше жағдайлар, ең алдымен, әуесқой балықшылармен, сондай – ақ судағы қауіпсіздік ережелерін елемейтін азаматтармен және олардың балаларымен, жұқа мұз бойымен белгіленбеген орындарға өту және көшу кезінде, өткел үшін жеке құтқару құралдарынсыз жүзу құралдарын пайдаланатын, түнгі уақытта су айдындарына шығатын және мас күйінде, дауылды ескертулерге назар аудармайтын жағдайлар орын алады. Мысалы, ағымдағы жылдың 15 қаңтарында 04 сағат 36 минутта «112» пультіне Қапшағай су қоймасының «Голубой залив» ауданында түнгі мұз асты балық аулау кезінде мұз жарылып, балықшылар апатқа ұшырағаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 2 балықшы құтқарылды, олар да мұз асты балық аулауды жүргізген. ТЖД 9 адам, 3 бірлік техника мен қайық күшімен 1980 жылы туған балықшылардың бірін іздеу жұмыстары жүргізілуде, ол алдын ала түнгі мұз асты балық аулау кезінде мұз астына түсіп кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстары орнына «МИ-171» Қазавиақұтқару тікұшағы және Алматы қаласынан Республикалық жедел құтқару жасағының 4 құтқарушысы қосымша жіберілді. Іздеу нәтиже бермеді. Іздестіру-құтқару жұмыстарының белсенді кезеңі 25 қаңтарда бекітілген "жоғалған және батып кеткен адамдарды іздеу бойынша іздестіру-құтқару және сүңгуір жұмыстарын жаңарту және жалғастыру әдістемесіне"сәйкес аяқталды.
Екінші спикер – Манат Бексұлтанұлы былай деді, қысқы кездің түсуіне байланысты азаматтардың жекелеген санаттары тұрғын үйін жылыту үшін түрлі жылыту әдістерін (ағаш, көмір, газ, электр қуаты) пайдаланатынын, сондай-ақ тамақ әзірлеу үшін газ плиталарын, электрлі плиталарды және тағы басқасын қолданатынын ескерсек, төтенше жағдайлардың туындау қатерлері пайда болып, адамдардың және балалардың зардап шегуіне әкеледі. Бүгінгі күні азаматтық қорғау органдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп барлық халықтың әлеуметтік осал топтарының 13953 үйлерін аралап, күшейтілген кең ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізуде, оның барысында 23903 азаматқа нұсқау берілді. Үйлерді аралау барысында 1 576 бұзушылық анықталды, оның ішінде 1 371 тұрғындармен өз бетінше жойылды, яғни 86% бұзушылықтар жойылған, өз кезегінде бұл бұзушылықтарды өз бетінше жойған азаматтар, мүмкін өзімен қоса жақын адамдарының өмірін сақтап қалды, қалған үйлердегі бұзушылықтарды жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер ұйымдармен бірлесіп адрестік көмек көрсету жоспарлануда. Алдын алу іс-шараларын жүргізуге қарамастан 2021-2022 ж. ж. жылыту кезеңінің басынан бастап облыс аумағында 252 өрт болды (2020-2021 ж. – 265 өрт, 3,5% – ға төмендеу), материалдық залал 20 млн. теңге (2020-2021 ж. - 19 млн. 150 мың теңге), материалдық залал ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,4% - ға төмендеді. Пеш жағу маусымының басынан өрттен 6 адам қаза болды (2020-2021 жылы – 16 адам), жарақаттанғандар болған жоқ (2020-2021 жылы - 2 адам), өрт туындамай улы газбен уланудан 5 адам зардап шекті (2020-2021 жылы - 7), 2 адам қаза болды (2020-2021 жылы-0 адам). Мысалы, ағымдағы жылдың 25 қаңтарында Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында улы газбен уланудан 2 адам қаза тапты. Улы газбен уланудан немесе жану өнімдерінен болған қайғылы салдардың қаупін азайту мақсатында өткен жылыту кезеңінде жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен 24 мың улы газ датчиктері сатып алынып орнатылды.
Үшінші спикер – Ринат Закиұлы атап өткендей, Алматы облысы жолдарының жалпы ұзындығы 9632,5 км құрайды, оның ішінде Республикалық маңызы бар – 2822 км, облыстық маңызы бар – 6167,5 км, аудандық маңызы бар-643 км. Облыс аумағында 37 қар басу учаскесі бар, оның ішінде республикалық автожолдарда – 17, облыстық автожолдарда - 19. Ұзындығы 182 км облыстық маңызы бар жолдардың ең қауіпті және қар басатын учаскелері анықталды. Сондай-ақ, облыс бойынша 5 асу бар. Жыл сайын ауа райының қолайсыздығына байланысты қыс мезгілінде 100-ден астам жүк және жеңіл авто көлік қар құрсауында қалады. Бұл өз кезегінде адамдардың өмірімен денсаулығына тікелей қауіп. 2020-2021 жылдардағы қысқы кезеңде бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша шығулар саны 77 жағдай, авариялық-құтқару жұмыстарында 18 адам құтқарылды, оның ішінде 9 бала, 14 адам ТЖ аймағынан эвакуацияланды, оның ішінде 2 бала, 5 бірлік техника шығарылды. 2021-2022 жылдары ауа райының нашарлауына байланысты облыстың әр түрлі өңірлерінде республикалық және облыстық маңызы бар авто жолдарда көлік қозғалысына 16 рет шектеу енгізілді. Тұрғындарды дер кезінде ақпараттандыру үшін автожолдардың жабылғаны туралы 16 SMS-хабарлама жіберілді. Облыс аумағында 6 трассалық-медициналық құтқару пункттері бар, олар қажет болған жағдайда жылыту пункттері ретінде де пайдаланылатын болады. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды орындайтын 13 мердігерлік ұйымдармен: 11 983 тонна көктайғаққа қарсы материалдар, 453 тонна жанар-жағар май материалдары және қысқы кезеңде қар тазалауға арналған 338 бірлік арнайы техника дайындады. 700 дана "Тайғақ жол", "Жылдамдықты шектеу" уақытша жол белгілері дайындалды. Бұдан басқа, қар басып қалатын учаскелерде облыстық маңызы бар "Алматы-Өскемен"-"Қапал-Арасан" автомобиль жолының бойындағы Қоңыр ауылына кіреберіс жерде 5 км қар ұстайтын қалқандар орнатылды.
Брифинг соңында спикерлер азаматтарды қыс мезгіліндегі және жылыту маусымында барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Сондай-ақ спикерлер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі