
Алматы облысы "Қазгидромет" РМК филиалының ауа райы болжамы бойынша:
2022 жылғы 14 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
|
|
Облыс бойынша: түнде және таңертен облыстың солтүстігінде және батысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде 4 градус аяз-1 градус жылы, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 8 градус аяз, күндіз 4-9 градус жылы, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында 1 градус аяз.
Талдықорған қ.: көшпелі бұлтты, түнде және таңертен аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы.
|
15-16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
|
15 қаңтар күндіз, 16-сы тәулік бойы облыстың батысында жаңбыр. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, Алакөл көлдер ауданында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында 3 градус аяз, күндіз 8-13, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында 5 градус жылы.
«Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме: https://www.kazhydromet.kz/ru.
|
|
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі