Коронавирустан сақтану жолдары Коронавирустың жаңа түрі пандемияға айналды: індет қазірдің өзінде біршама адамның өмірін жалмаған. Қазақстан билігі бүгін коронавирусқа қатысты брифинг өткізіп, оның алдын алу мен сақтану шаралы туралы айтуда.
- Қолды жиі жуып, антисептик қолдану Жеке бас гигиенасын сақтау, қол мен бетті таза ұстау - коронавирустан қорғанудың ең дұрыс жолы. Әр жарты сағат сайын қолды 20 секунд жылы сумен жуып, антисептик қолдану керек. Қол астыңызда арнайы тазарту құралы болмаса кез келген дәріханадағы кәдімгі спирт те жарамды. Егер оған аллергияңыз болса санитайзер қолданыңыз.
- Қолма-қол ақша ұстамау Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустан қорғану үшін қолма-қол ақша ұстамауға кеңес береді. Оның орнына жеке картаңыз не телефонмен сауда жасаңыз. Ғалымдардың айтуынша, COVID-19 вирусы қатты заттың бетінде бірнеше күн тіршілік ете алады екен.
- Телефонның экранын жиі тазалау Смартфоныңыздың бетінде қолдарыңызға қарағанда жүз есе көп бактерия жиналады. Кейбіреуіміз, тіпті, телефонымызды күні бойы қолымыздан тастамаймыз. Сол себепті телефонның экранын сағатына бір мәрте спиртті майлықпен тазалап тұру керек.
- Адам көп жиналатын бұқаралық іс-шараларға бармау Дәрігерлер адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес береді. Осыған байланысты инфекция таралуының алдын алу үшін бұқаралық іс-шараларды, мерекелік шараларды, спорттық, ойын-сауық және мәдени шараларды, конференцияларды, семинарларды, көрмелерді және басқаларды өткізуге тыйым салынды.
- Балалар мен қарттарға көбірек көңіл бөлу Коронавирусқа қарсы қарттар мен балалар әлсіз. Балаларды қоғамдық орындарға, ойын алаңқайына жіберуді азайтып, жеке бас гигиенасын сақтауды үйретіңіз. Ал дәрігерлер қарттарға үйден шықпауға кеңес берді. Дәріхана не дүкенге сауда жасау үшін жастарды жіберген абзал, өйткен үлкен кісілердің жаңа індетке шалдығуы әлдеқайда оңай.
- Қол алыспау. Дәрігерлер өзге адаммен қол алыспауға және жақын тұрмауға кеңес береді. Көп елдерде ресми түрде қол алысуға тыйым салынған. Бұның бәрі коронавирус індетінің алдын алуға бағытталған.
- Медициналық масканы ауыстыру. Медициналық масканы адам көп жиналатын жерлерде, қоғамдық орындар мен жабық кеңістікте киген жөн. 8. Иммунитетті күшейту COVID-19 вирусы иммунитеті әлсіз және созылмалы ауруы бар адамдарға көбірек жұғатыны белгілі. Оған қоса темекі шегетін және алкогольді көп тұтатындардың коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары. Сол үшін дәрігерлер дұрыс өмір салтын ұстанып, дене шынықтырумен айналысуға кеңес береді. Ұйқыңызды реттеп, ақуызға бай, витамин құрамы жоғары тамақ тұтыну керек.
Алматы облысы ТЖД баспасөз-қызметі