«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 2021 жылғы 25 желтоқсан сағат 20.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қалың тұман, нөлдік көріну) "Алматы - Шелек - Қорғас" республикалық маңызы бар автожолында (34-118 шақырымдары, Төңкеріс - Лавар) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуға сұрайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі