«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 2021 жылғы 25 желтоқсан сағат 9.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, көріну шектеулі) «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолында (84-тен 184 шақырымға дейін) жүк көліктері үшін қозғалыс жабылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуға және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі