Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияның 2021 жылға 23 желтоқсандағы жоспарына сәйкес Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л.М. Тұрлашовтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.
Отырыста бес мәселе қаралды:
- Облыс аумағында 2021 жылдың өрт қауіпті кезеңінің қортындысы;
- Облыс аумағында 2021-2022 жылдың пеш жағу кезеңінде тұрғын сектордағы өрт қауіпсіз өткізу туралы;
- Авто-газ құю станцияларында халық үшін тұрмыстық газ балондарын толтыруға тыйым салу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау туралы;
- Аудандық және облыстық деңгейлерден құлақтандыру жүйесін басқару мүмкіндігімен төтенше жағдайлардың есептік аймақтарында орналасқан елді мекендерде жергілікті құлақтандыру жүйелерін құру жөніндегі мәселесі туралы;
- Өртке қарсы сумен жабдықтауды қалпына келтіру және жөндеу бойынша жол картасын құру жұмысының барысы туралы.
Жоғарыда көсетілген бес мәселе бойынша отырыс қорытындысында аудан және қала әкімдеріне, облыстық департамент, басқарма басшыларына және орындау мерзімдерін белгілей отырып, нақты тапсырмалар берілді.
Алматы облысы ТЖД
баспасөз қызметі