
2021 жылғы 22 желтоқсанда сағат 11:27-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Алматы облысы Алакөл ауданының «Ырғайты» учаскесінде, «Үшарал-Достық» автожолының 92 шақырымында қар құрсауында бір жеңіл автомашина тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Шақыру орнына Ақши ауылының жедел-құтқару жасағының 3 құтқарушысы «Трекол» қар батпағының 1 бірлік техникасымен дереу шықты. Ақши ауылынан шақыру орнына дейінгі қашықтық 50 км құрайды.
Сағат 14:10-да қар құрсауынан шыққан автокөлік, автожолдың тазартылған учаскесіне сүйрелді. Жүргізуші медициналық көмекке мұқтаж емес еді.
Жолдың бұл учаскесі автокөліктің барлық түрлері үшін 2021 жылғы 22 желтоқсанда сағат 10:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, шектеулі көріну) жол жабылды, бұл туралы CMC-таратылым жүргізілді, сондай-ақ әлеуметтік желілер, интернет-ресурстар және «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы хабарландыру жүргізілді.
Сонымен қатар, ТЖ департаменті «Қазгидромет» РМК-ның 22.12.2021 жылғы дауылды ескертуі негізінде 2021 жылғы 23 желтоқсанда Алматы облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман түсетінін хабарлайды. Алакөл көлдері ауданында, оның ішінде «Үшарал-Достық» автожолында оңтүстік-шығыстан 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және 112 қызметінің СМС хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі