
"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен "Қазақавтожол" ЖШС Алматы облытық филиалы хабарламасы бойынша 22.12.2021 ж. сағат 10:00-ден ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты боран, шектеулі көріну) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды, Республикалық маңызы бар "Үшарал - Достық" автожолында (84-184 км, Көктұма-Достық ауылы).
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуға және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі